Аймақтар • 27 Мамыр, 2017

Солтүстік Қазақстанда 60,5 мың бала жазғы лагерьде демалады

345 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биыл өңірде 15  демалыс-сауықтыру  лагері жұмыс істеп, 60,5 мың бала тынығатын болады. Ол үшін  жергілікті қазынадан 364,9 миллион теңге  қарастырылып отыр.

Солтүстік Қазақстанда 60,5 мың бала жазғы лагерьде демалады

«Сауықтыру  лагерьлерінің жөндеу жұмыстарына 106,7 миллион теңге бағытталды.  Материалдық- техникалық базаларын нығайтуға 13,9 миллион теңге жұмсалды. Тұрмысы төмен отбасылардан  шыққан 7789 бала тегін демалатын болады», дейді  білім беру басқармасының басшысы Шолпан Каринова.

Жалпы білім беретін мектептер жанынан  сауықтыру  алаңдары құрылып,  оларға 37 мың оқушы  тартылады. Астанада өтетін «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесін 11 мың бала қызықтап, жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылады.

«Балдәурен», «Бөбек» секілді  республикалық маңызы бар сауықтыру  орталықтарына 750 бала жіберіледі.

Бұдан тысқары ата-аналар комитеттерінің бастамасымен еліміздің көрікті жерлеріне 5-10 күндік  саяхаттар ұйымдастырылып, оқушылар тарихи жерлермен жан-жақты танысатын болады. Алғашқы топ 5 маусым күні  Шығыс Қазақстан өңіріне аттанады.

Өмір Есқали,
«Егемен Қазақстан»